16 Қыркүйек 2026, 05:35
Фото: pixabay
Астанада жыл соңына дейін 70-тен астам 5G базалық станциясы орнатылады
Қазіргі уақытта қалада 423 базалық 5G станциясы жұмыс істеп тұр. Биыл байланыс сапасы төмен 22 аумақ анықталып, оның 12-сіндегі мәселе шешілген.
Астанада жыл соңына дейін 74 жаңа 5G базалық станциясын орнату жоспарланып отыр.
Бұл туралы елорданың цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Берік Ахметов мәлімдеді.