Астанада жыл басынан бері балалардың терезеден құлауының 15 фактісі тіркелді

Елорда полицейлері ата-аналарға балалардың терезеден құлап кету қаупі туралы ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Астанада жыл басынан бері балалардың терезеден құлауының 15 фактісі тіркелді. Балалардың көпқабатты үйлердің терезелерінен құлап кетуіне жол бермеу мақсатында полиция қызметкерлері тұрақты түрде профилактикалық жұмыстар жүргізіп, қала тұрғындарына қауіпсіздік шаралары туралы ескертеді. 

Ата-аналарды негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтауға және балаларды қараусыз қалдырмауға ескертеміз:

 – балаңыз үйде болса, терезені ашық ұстамаңыз;

 – москит торларына ешқашан сенбеңіз, балалар оларға сүйеніп, олармен бірге құлап кетеді;

 – балаңыз терезені өздігінен аша алмайтындай терезелерге арнайы қорғаныс жүйелерін орнатыңыз (бекіткіштер, блокаторлар); 

– барлық жиһаздарды, соның ішінде төсектерді терезелерден алыстатыңыз, бұл баланың терезеге шығуына жол бермейді. Балаларыңыздың өмірі мен денсаулығы 

– баға жетпес құнды екенін ұмытпаңыз!

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы