26 Қыркүйек 2026, 14:43
Фото: ҚР ІІМ
Астанада Журналистер аллеясындағы мүсінді бүлдірген екі вандал ұсталды
Екі адам Журналистер аллеясындағы мүсінге зақым келтірген
Астанада Журналистер аллеясындағы мүсін мен жеті қоқыс жәшігін бүлдірді деген күдікпен екі жас жігіт ұсталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Полиция күдіктілердің жеке басын анықтап, оларды ұстады. Олар – елорданың 18 жастағы тұрғыны және кәмелетке толмаған жасөспірім. Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Вандализм фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деді полиция.
Кәмелетке толмаған жасөспірімнің ата-анасы баласын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.