Астанада жүріп бара жатқан көліктен оқ атқан

Астанада жүріп бара жатқан көліктен оқ атқандар ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Видеодан байқағанымыздай оқиға Астанада 21 мамырға қараған "Думан" қонақ үйінің жанындағы "Салта" тұрағында болған.

Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі көлік жүргізушісін тапқанын хабарлады.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс–шараларының нәтижесінде ауаға оқ атқан Kia маркалы автокөліктің жүргізушісін анықтап, ұстады, - делінген хабарламада.

Одан "Glock" маркалы тапанша тәркіленді, сараптама тағайындалды. Бұл факт бойынша қылмыстық іс тіркелген. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы