11 Наурыз 2025 2025, 12:26 Фото: Видеодан кадр

Астанада жүргізушілер жолға таласып, төбелес шығарды

Астанада екі жүргізуші жолға таласып, көшенің қақ ортасында төбелесіп қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астанада екі жүргізуші жолға таласып, көшенің қақ ортасында төбелесіп қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиғаны жүк көлігінің жүргізушісі видеоға түсіріп алған. Кадрларда жігіттердің бір-біріне жұдырық ала жүгірген көруге болады. Сондай-ақ олардың бірінің әйелі оларды ажыратуға тырысқаны да видеоға түсіп қалған.

Полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп бұзушылар ұсталып, оларға ұсақ бұзақылық бойынша айып тағылған. Енді олар әкімшілік сот алдында жауап береді.