Астанада "Жұмысшы мамандықтар қаласы" республикалық фестивалі өтеді

Астанада "Жұмысшы мамандықтар қаласы" республикалық фестивалі өтеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

11-15 ақпанда ашылатын "Жұмысшы мамандықтар қаласы" болашақ мамандар, жұмыс берушілер мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өзара ынтымақтастық алаңына айналады.

Жұмысшы мамандықтары қаласының қонақтары арнайы тақырыптық көшелерді аралап, таныса алады. Тау-кен, металлургия көшесі, машина жасау және көлік көшесі, ауыл және су шаруашылығы көшесі, құрылысшылар көшесі, болашақ мамандықтар көшесі, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер бұрышы және тағы басқа шаралар ұйымдастырылады, – дейді министрлік мамандары.

Бұдан бөлек, бірнеше күн бойы түрлі семинарлар мен шеберлік сыныптары, мұнай және энергетика бойынша хакатондар, мамандықтар шеруі, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, стартап жобалардың таныстырылымы, машина жасау бойынша шеберлік сыныптары, концерттер, халықаралық аккредиттелген техникалық және кәсіптік оқыту курстары өтеді.

"Жұмысшы мамандықтар қаласы" Астанадағы "EXPO" Халықаралық көрме орталығында күнде сағат 10:00-ден 18:30-ға дейін жұмыс істейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы