30 Қараша 2024 2024, 12:53
Фото: Видеодан кадр
Астанада жүк көлігінің багы жарылып, үш адам зардап шекті
Астанада үш қабатты әкімшілік ғимараттың гаражында жүк көлігінің жанар-жағармай багы жарылып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астанада үш қабатты әкімшілік ғимараттың гаражында жүк көлігінің жанар-жағармай багы жарылып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқыс оқиға 30 қарашада Сарыарқа ауданындағы Жарсуат көшесінде болған. Зардап шеккендер оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін бокста жүк көлігінің жанармай багы жарылып, кейіннен өрт тұтанған. Өрт кезінде бокс ішінде үш жүк автокөліктері болған, оның екеуін өрт сөндірушілер өрттен құтқарып қалды. Өрт салдарынан үш адам зардап шекті, олар медициналық жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды, делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.
Өрт 15 шаршы метр алаңды қамтыды. Өрт сөндірілді.