Астанада жүк көлігін жүргізген 16 жасар бала анықталды
Астанада Нәжімеденов көшесін патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері HOWO маркалы жүк көлігін тоқтатқан. Тексеру барысында көлікті 16 жастағы кәмелетке толмаған жасөспірімнің жүргізгені, оның жүргізуші куәлігінің жоқтығы белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жасөспірімге қатысты анасының қатысуымен ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ көлік жасөспірімнің анасының атына тіркелгендіктен, рөлді жүргізуші куәлігі жоқ адамға бергені үшін оның өзіне ӘҚБтК-нің 612-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі.
Елорда полициясы жол қозғалысына қатысушыларды қатаң түрде жол ережелерін сақтауға, кәмелетке толмағандарды көлік тізгініне отырғызбауға шақырады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Экс-президентке тері рагы диагнозы қойылды
Келесі жаңалық
Шымкентте антитеррористік оқу-жаттығулар өтеді
Өзгелердің жаңалығы