Астанада жүк көлігі баланы қағып кетті
Жол-көлік оқиғасы Тәуелсіздік даңғылы бойында, Пушкин көшесіне бұрылар тұста болған.
Астанада велосипед мінген бала жүк көлігінің астына түсіп, оқиға орнында қаза тапты. Бұл туралы елорда полиция департаменті хабарлады.
Қайғылы оқиға туралы ақпарат мектеп чаттарында да тараған. Марқұм №27 мектептің 5-сынып оқушысы екені айтылуда. Ол бетон араластырғыш көліктің астына түскен.
Полиция баланың қаза тапқанын растады.
26 мамыр күні Mercedes маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Тәуелсіздік даңғылымен Пушкин көшесіне оңға бұрылар кезде жолды кесіп өтпек болған велосипедшіге соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған бала оқиға орнында көз жұмды, – деп жазылған ресми хабарламада.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды.
Полиция жүргізушілерді жылдамдық режимін қатаң сақтауға, жаяу жүргіншілер өткелдерінде және мектеп, аула маңында барынша мұқият болуға шақырды.
- Петропавлда ер адам итке қатыгездік көрсетіп, қинап өлтірген 15:30
- Атыраудағы қанды қылмыс: Қайынжұртын өлтірген Сәрсемәлиев өмір бойына сотталды 15:25
- «Жерлеу концерті» тоқтатылды: Астанадағы жертөледен 65 адам шығарылды 15:12
- Астана – Петропавл жолында автокөлік өртенді: Қаза тапқандар бар 14:54
- «ҚазАгроҚаржы» жарты жылда 250 млрд теңгеден астам сомаға техниканы лизингке берді 14:35
- "Дұрыс емес шешім" – эколог Алматыдағы арықтардың бетонмен жабылуына қарсы шықты 14:17
- Ірі кәсіпорындардың ауаға шығарындылары енді автоматты түрде бақыланады 13:59