Астанада жөндеу жұмысына байланысты бірқатар көше жабылды

Астана қаласында 31 мамырдағы бойынша жөндеу жұмыстарына байланысты қандай көшелер жабылғаны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Толығымен жабылған көшелер:

- Ж. Ташенов көшесінің қиылысы бойынша Ж. Ташенов көшесінен А. Бараев көшесіне дейінгі учаскеде;
- Е. Брусиловский көшесі бойынша Кенесары көшесінен А. Иманов көшесіне дейінгі учаскеде;
- Қабанбай батыр даңғылы бойынша Сығанақ көшесінен Алматы көшесіне дейін (осыған байланыста Қабанбай батыр-Сығанақ көшесі және Қабанбай батыр-Алматы көшесі ашық).

Тұрғын алаптардағы көшелер:

- Өндіріс көшесі бойынша Бектау көшесінен Ақбидай көшесіне дейінгі учаскеде;
- Ш. Бөкеев көшесі бойынша Р. Дүйсенбаев көшесінен тұйыққа дейінгі учаскеде;
- Титов көшесі бойынша Алмалық көшесінен Ардагерлер көшесіне дейін;
- Сұлукөл көшесі бойынша Еңлік Кебек көшесінен Ардагерлер көшесіне дейін;
- Абат-Байтақ көшесі бойынша Қ. Байсейітовадан Ш. Бейсекова көшесіне дейін.

Ішінара жабылған көшелер:

- Тәуелсіздік даңғылы – Р. Қошқарбаев көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейін (бұл ретте автокөлік құралдары үшін қозғалыс екі бағыттың бір жағы бойынша қамтамасыз етілген – 1 маусымда қозғалыс төменгі қабатта қамтамасыз етілетін болады).
- Бөгенбай батыр даңғылы мен Ш. Уәлиханов көшесінің қиылысы (бұл ретте қиылыстағы қозғалыс екі бағытта да тараптардың бірі бойынша жүзеге асырылатын болады).

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Елорда әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы