9 Қаңтар 2026, 21:30
Фото: istockphoto.com
Астанада жолаушылар автобусының қатысуымен жол апаты болды
Астанада Мәңгілік Ел даңғылы мен Әбіш Кекілбаев көшесінің қиылысында жолаушылар автобусы мен екі жеңіл автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды BAQ. KZ.
Астанада Мәңгілік Ел даңғылы мен Әбіш Кекілбаев көшесінің қиылысында жолаушылар автобусы мен екі жеңіл автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды BAQ. KZ.
Елорда полиция департаментінің мәліметінше, Daewoo маркалы автобустың жүргізушісі көктайғақ салдарынан көлікті басқара алмай, Chevrolet Cobalt автокөлігімен соқтығысқан. Соққының әсерінен Chevrolet инерциямен қозғалып, Audi көлігіне соғылған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды қыс мезгіліндегі ауа райы жағдайын ескеріп, жылдамдықты асырмауға, арақашықтық сақтауға және жол ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
- Қазақстанның сегіз боксшысы U19 Азия чемпионатының жартылай финалына өтті 07:48
- Ормуз бұғазындағы жағдай шиеленісті: Иран жаңа шектеу енгізді 07:14
- Қазақстанда АҚШ университетімен бірлескен бағдарламаның алғашқы түлектері оқуын аяқтады 06:35
- Семейде бір түнде 96 құқық бұзушылық анықталды 05:18
- Францияда орман өрттеріне қатысы бар деген күдікпен 32 адам ұсталды 04:27
- Маңғыстауда кейбір ағаш түрлері экожүйеге қауіп төндіріп отыр 03:40
- Аптап ыстық және өрт қаупі: Синоптиктер ескерту жасады 02:34