Астанада жолаушылар автобусы бағанаға соғылып, 10 адам зардап шекті

Бүгін, 2 маусымда Астананың Республика даңғылында маршруттық автобустың қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қалалық ПД мәліметінше, жүргізуші жолаушылармен бірге маршрут бойынша жүріп келе жатқанда, маневр жасау кезінде басқаруды жоғалтып, ақпараттық тақтаның тірегіне соғылған.

ЖКО салдарынан зардап шеккендер бар. Жедел медициналық жәрдем бригадасы зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетуде. Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жан-жақты тексеру жүргізілуде, барлық мән-жайлар анықталуда, – деп хабарлады полициядан.

Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 10 адам түрлі жарақаттармен қалалық стационарларға жеткізілді.

Алынған жарақаттарға сәйкес, зардап шеккендердің екеуі Ұлттық шұғыл медициналық үйлестіру орталығына жеткізілді. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Ауыр жағдайда жатқан бір зардап шеккенге шұғыл операция жасалып жатыр, – деді басқарма өкілдері.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: instagram.com/astanovka98
Өзгелердің жаңалығы