Астанада жолаушы көлік терезесінен аяғын шығарып отырған: Жүргізушіге айыппұл салынды
Toyota маркалы автокөліктің жүргізушісі жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзған.
Астанада жолаушының көлік терезесінен аяғын шығарып отырғаны үшін жүргізушіге айыппұл салынды.
Әлеуметтік желілерде жолаушының автокөлік терезесінен аяғын шығарып отырғаны түсірілген видео тарады.
Астана қалалық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, материалдарды зерттегеннен кейін жүргізушіге қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес шара қолданылғанын хабарлады.
Toyota маркалы автокөліктің жүргізушісі жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, онымен профилактикалық әңгімелесу жүргізілді, – деп атап өтті полициядан.
Еске салайық, бұған дейін Қуат Хамитовке Атырауда түсірілген даулы видеодан кейін айыппұл салынды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Ақтөбе облысында 50 рет ереже бұзған шетелдік жүргізуші анықталды
- Алматыда интимдік қызмет көрсететін 430-дан астам пәтер анықталды 22:15
- Жексенбіде бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды 21:52
- Еуропа кубогы кезеңі: Диана Ержанова триатлоннан жасөспірімдер арасында жеңімпаз атанды 21:22
- Норвегиядағы алапат өрттен 100-ден астам үй жанып кетті 20:53
- Түркістанда «Шәмші әндері» өнер фестивалі өтіп жатыр 20:17
- 19 шілдеге қараған түні eGov пен бірқатар мемлекеттік сервис уақытша жұмыс істемейді 19:45
- Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілді: Тоқаевтың Қытайға сапары нені аңғартты? 19:07