19 Шілде 2024 2024, 15:10
Фото: -архив
Астанада жолаушы 1,2 млн теңгесін автобуста ұмытып кеткен
Елордада 1,2 млн теңгесін автобуста ұмытып кеткен жолаушыға ақшасы қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Елордада 1,2 млн теңгесін автобуста ұмытып кеткен жолаушыға ақшасы қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Соңы жақсы аяқталған оқиға жайлы CTS жазды.
17 шілдеде № 81 бағыттағы автобустардың бірінде жолаушы 1 200 000 теңге бар пакетін ұмытып кетті. Қуанышқа орай, пакетті басқа жолаушы байқап, оны автобус жүргізушісіне берді. Осылайша пакет (ақша салынған – ред.) иесіне қайтарылды, - деді CTS.