Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты 9 автобустың бағыты өзгерді

Астанада Айтматов көшесі мен Қорғалжын тас жолының көлік көп жүретін қиылысында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыған байланысты Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы тоғыз автобус бағытының қозғалыс кестесі уақытша өзгергенін айтты.

Қорғалжын тас жолы мен Ш.Айтматов көшелері қиылысындағы жол жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты № 7, 17, 35, 36, 44, 45, 300, 305, 312 бағдарларының қозғалыс сызбасына өзгертулер енгізілді, - делінген хабарламада.

Бағдарлардың өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен таныса аласыздар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы