Астанада жол жөндеп жүрген жұмысшыларды көлік қағып, бір адам қаза тапты

Астанада 18 тамызға қараған түні жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшыларды көлік қағып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші белгіленген жол белгілерін ескермей, жөндеу аумағында жүрген екі жұмысшыны қаққан.

Оқиға салдарынан олардың бірі оқиға орнында көз жұмды, ал екіншісі ауруханаға жеткізілді.

Қалалық ПД баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жүргізушінің әрекетіне құқықтық баға беріліп, қажетті сараптамалар тағайындалды. Полиция жолда белгіленген талаптарды қатаң сақтауға және жүргізушілерді абай болуға шақырады, – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Астана – Алматы тасжолында жол апатынан 4 адам қаза тауып, 4 адам жарақаттанғаны хабарланған. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы