Бүгiн 2026, 00:30 Фото: instagram.com/_astana_volontery_lider.kz

Астанада жоғалып кеткен екі жасөспірім табылды

Іздеу жұмыстарына жұмылдырылған күштерге алғыс білдірілді.

Астанада 3 наурызда жоғалып кеткен 16 жастағы Ангелина Морева мен 18 жастағы Михаил Фризоргер табылды. Бұл туралы іздеу жұмыстарын жүргізген еріктілер тобының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еске сала кетейік, бойжеткен колледжден шыққан соң үйіне оралмаған, ал Михаил үйден шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған еді. Іздеу барысында полиция қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырылды. Бейнебақылау камералары олардың қаладағы сауда үйлерінің бірінде болғанын көрсеткен.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жастар аман-есен. Іздеу жұмыстарына жұмылдырылған күштерге алғыс білдірілді.