Бүгiн 2026, 12:19
Фото: ІІМ
Астанада жоғалған жасөспірім 1000 шақырым жерден табылды
15 жастағы жасөспірім бір күннен кейін аман-есен табылды.
Астанада жоғалған жасөспірім 1000 шақырым жерден табылған. Бұл туралы ІІМ мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұған дейін Ішкі істер министрлігі 15 жастағы Қамбар Мәлібек Бахтиярұлын іздестіріп жатқанын хабарлаған.
Астанада жоғалған бала бір күн өткен соң Шымкенттен табылған.
16 наурыз күні жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде із-түссіз жоғалған жасөспірім Шымкент қаласынан табылып, туыстарына тапсырылды, - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.