25 Қараша 2025 2025, 14:39
Фото: Астана қ. ПД баспасөз қызметі
Астанада жоғалған оқушы қыз өлі табылды
Астанада жоғалған мектеп оқушысы өзеннен өлі күйінде табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Астанада жоғалған мектеп оқушысы өзеннен өлі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
24 қарашада сағат 21:00-де полицияға елорда тұрғынынан 18:30 шамасында қызының үйден шығып кетіп, байланысқа шықпай қойғаны туралы арыз түскен.
Оны іздеуге жедел түрде полицияның жеке құрамы, еріктілер және өзге де күштер жұмылдырылды. Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде мектеп оқушысының мәйіті өзеннен табылды. Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі.