Астанада ЖИ дәуіріндегі зияткерлік меншік құқықтары талқыланады

Астанада жасанды интеллект дәуіріндегі зияткерлік меншік мәселелері бойынша панельдік сессия өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әділет министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 2025 жылғы 29 мамырда Астана қаласында "AI және креативті индустриялар дәуіріндегі зияткерлік меншік: сын-қатерлер мен мүмкіндіктер" тақырыбында панельдік сессия өтеді. Іс-шара Астана Халықаралық форумы аясында ұйымдастырылады.

Форумның ресми ашылуы Қазақстан Республикасының Президенті – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен өтеді.

Астана Халықаралық форумы — жаһандық өзекті мәселелерді шешуге бағытталған практикалық ұсыныстар әзірлеу мақсатында халықаралық ұйымдар мен академиялық мекемелердің өкілдерін, сондай-ақ жетекші халықаралық сарапшыларды біріктіретін алаң.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы