5 Маусым 2023 2023, 00:26
Фото: instagram.com/astana.dorogi
Астанада жеңіл көлік автобуспен соқтығысты
Астанада жеңіл көлік пен автобустың қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астанада жеңіл көлік пен автобустың қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жол-көлік апаты 4 маусым күні сағат 15:33-те елордадағы Жұмабаев көшесінде болған.
Астана қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Nissan көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, жолаушылар автобусымен соқтығысқан.
Жол-көлік апатынан жеңіл көліктегі жолаушылар зардап шеккен. Үш жолаушы ауруханаға жеткізілді. Оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр.