Астанада жеңіл атлетикадан жабық кешендегі X Азия чемпионаты басталды

Күндізгі бағадарламадағы іріктеу бәсекелерінен кейін, қазақстандық спортшылар шешуші кезеңге өтіп, жүлделер үшін сынға түседі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ерлер арасында 400 метрге жүгіруде Михаил Литвин (47.15 сек.), Вячеслав Земс – (49.39 сек.), Эльнор Мухитдинов – (49.09 сек.) уақыт көрсеткіштерімен жартылай финалға шықты. 

Дәл осы қашықтыққа жүгірген қыздарымыз Элина Михина (54.94 сек) мен Александра Залюбовская (55.38 сек.) финалға жолдама алды.

Әйелдер көпсайысында отандастарымыз Екатерина Авдеенко, Надежда Богданова және Алина Чистякова жүлделер үшін таласты жалғастыруда. 

Азия чемпионатының кешкі бағдарламасында 3 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы