Астанада жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Қазақстан чемпионаты өтеді
Астанада жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Маңызды республикалық жарыс 9 қаңтарда басталады.
Чемпионатқа еліміздің 18 өңірінен, оның ішінде Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары қатысады.
Жарыс барысында 31 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Аталған чемпионат іріктеу ретінде өтеді. Оның қорытындысы бойынша үздік атанған спортшылар алдағы халықаралық жарыстарға қатысатын құрамға енеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкентте мұнай өнімдерін ұрлағандар ұсталды
Өзгелердің жаңалығы