Астанада жеңіл атлетикадан әлемдік дода өтеді

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Еркеғали Корбозов пен №9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі басшысы Айдын Тоқбаев брифинг өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» КММ 2008 жылдың 25 желтоқсанында құрылды.

Қазіргі таңда мектепте 9 олимпиадалық спорт түрі бар. Атап айтқанда, жеңіл атлетика, семсерлесу, қазіргі бессайыс, үстел теннисі, триатлон, бадминтон, садақ ату, нысана көздеу, стенд ату.

Спорт мектебінде 42 жаттықтырушы жұмыс атқарады. Олардың ішінде жоғары, бірінші, екінші біліктілігі санаты бар жаттықтырушылар жұмыс істейді.

№9 БЖСМ 2 жаттықтырушысы Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген жаттықтырушы атағына ие, атап айтатын болсақ семсерлесу спорт бөлімінің жаттықтырушысы Андрей Чурбаков және нысана көздеу бөлімінің бапкері Галина Корчма. Сонымен қатар, бір жаттықтырушымыз нысана көздеуден Ольга Довгун Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген спорт шебері ,- дейді А.Тоқбаев.

Қазіргі таңда мектепте 693 спортшы бар. Олардың ішінде 3 спортшы – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 8 спортшы – спорт шебері, 50 спортшы – спорт шеберіне үміткер және 130 спортшы спорт дәрежесі атағына ие.

Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ХІХ жазғы Азия ойындарында Астана қаласының спортшысы Елена Потапенко әйелдер арасындағы қазіргі бессайыстан жеке жарыста 5-орынды иеленіп, келесі жылы өтетін Париж Олимпиадасында өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Ал жеңіл атлетикадан мектептің мақтаныштары ағайынды Колода Анастасия мен Екатерина.

Спортшылар үшін №9 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде барлық жағдай жасалған. «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешені жұмыс істейді, онда спортшылардың жаттығу процесін ұйымдастыру және жоғары деңгейдегі республикалық және халықаралық жарыстарды өткізу үшін барлық қажетті инфрақұрылым бар, - дейді Е.Корбозов.

Келер жылы жеңіл атлетикадан World Athletics Indoor Tour Gold Label жарысы Астанада өтеді. Жарыс 2024 жылдың 27 қаңтарында «Qazaqstan» жеңіл атлетика кешенінде ұйымдастырылуы жоспарлануда. Жарыс жеңіл атлетиканың 12 түрі бойынша өтеді. Қорытынды нәтижелер қазақстандық спортшыларға 2024 жылы Франция астанасы Париж қаласында өтетін Олимпиада ойындарына қатысуға лицензия алу үшін күресуге көмектеседі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы