Астанада желілік мұз айдыны қашан ашылатыны белгілі болды

Орталық саябақтағы желілік мұз айдыны 14 желтоқсан күні ашылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қала әкімлігінің мәліметінше, 14 желтоқсаннан бастап елорда тұрғындары мен қонақтары орталық саябақта орналасқан Астананың ең ұзын мұз айдында коньки тебе алады. Мұз айдынының ұзындығы бір бағытта 290 метрді құрайды, бұл оны басқа демалыс орындарынан ерекшелендіреді.

Мұз айдыны маңында конькилерді жалға беретін үш пункт қарастырылған. Онда бағалар жарты сағатқа 1000 теңгеден басталады. Ал өз конькиімен келушілерге кіру тегін.

Сондай-ақ саябақта ұзындығы 13 метр болатын сырғанақ ашылды. Сырғанауға өз тюбтарымен келгендер үшін кіру тегін, ал жалға алудың бағасы жарты сағатқа 1000 теңгеден басталады, - деп жазылған әкімдік хабарламасында.

Саябақта мерекелік көңіл-күйді көтеру үшін тақырыптағы фотоаймақтар мен жаңа жылдық әшекейлер арттырады. Маусымның басты оқиғасы – шыршаның жұлдызын жағу – саябақта 18 желтоқсанда өтеді.

Қыс мезгілінде Астана тұрғындары мен қонақтарын көптеген ойын-сауық түрлері күтіп тұр: мұз айдындары, слайдтар, шағын архитектуралық нысандар, фотоаймақтар және тағы басқалар. Осындай 60-қа жуық орын қаланың 6 ауданында ашылады және қыс бойы жұмыс істейді деп жоспарланып отыр, - деп жазылған әкімдік мәліметінде.

Мұз айдындарын, слайдтарды, шағын архитектуралық нысандарды, фотоаймақтарды және басқа да элементтерді ашу бойынша монтаждау жұмыстары қараша айының ортасынан басталды. Ол желтоқсанның екінші онкүндігінде кезең-кезеңімен аяқталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты
Өзгелердің жаңалығы