Астанада жеке тұрғын үй өртенді. Қаза тапқандар бар

Елордада жеке тұрғын үйден өрт шығып, төрт бала мерт болды. Тілсіз жау сөндірілді.

Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бүгін таңертең Астанада екі қабатты жеке тұрғын үйде шатыр жартылай құлап, өрт болды. Құтқарушылар хабарлама келіп түскеннен кейін өрт орнына 6 минутта жетті. Өрт алдын ала 500 шаршы метр алаңда оқшауланып, толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан 2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған төрт бала қаза тапты, - делінген хабарламада.

Қазір өрттің себебі анықталуда. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Оқиға орнында өрт зерттеу зертханасы жұмыс істеуде, қаза тапқандардың жақындарына Апаттар медицинасы орталығының және Астана қаласы ТЖД психологтары көмек көрсетуде, - дейді төтенше жағдайлар департаментінен.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖД
Өзгелердің жаңалығы