Астанада жаяу жүргіншілер жолы жөнделіп жатыр

Бұл туралы Есіл ауданының әкімі Асылбек Есенбаев мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Достық, Қонаев көшелері, Мәңгілік ел даңғылы алаңындағы жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды абаттандыру жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Қозғалыс мүмкіндігі шектеулі адамдардың қажеттіліктерін ескере отырып, кеңейтілген пандустарды салып жатырмыз, «қоян жолдарын» жабдықтадық. Бұл көшелер сол жағалаудағы ең көп жүретін көшелердің бірі, жаяу жүргіншілер ағынында мыңдаған тұрғын бар, жұмыстың кешігуіне жол бермеу туралы тапсырма бердім. Кейбір жерлерді түзету қажет – осы кезеңде бұл тез және сапаны жоғалтпай жасауға болады. Көшелерге демалуға арналған орындықтар, қоқыс жәшіктерін орнатуды да жоспарлап отырмыз, - дейді аудан әкімі.

Сондай-ақ ауданда қыркүйек айында Есіл ауданында №96 мектеп ашылады.

Көлік басқармасының жобасы бойынша №28/5 көше жағынан кіреберіс кеңейіп, жарықтандыру бағандары жылжытылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы