Астанада жатақхана өртенді
Елордалық өрт сөндірушілер жатақханадағы өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Алматы ауданының Бұқтырма көшесіндегі үш қабатты көпфункционалды ғимараттың төбесі, шатыры және үшінші қабатындағы бөлмелер жанған.
Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін үшінші қабатта төбе құлап, 40 адам өз бетінше далаға шықты. Өрт сөндірушілер келген кезде ашық жану болып жатты. Өрт орнында жедел өрт сөндіру штабы құрылды. Өртті сөндіруге 7 су оқпаны берілді. Сондай-ақ, өрт болған жерде жылыту пункті ұйымдастырылды. ТЖМ медицина және апаттар орталығының қызметкерлері тұрғындарға психологиялық және медициналық көмек көрсетті, - делінген хабарламада.
Өрт 250 шаршы метр алаңда сөндірілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада тағы бір елді мекен газға қосылды
Келесі жаңалық
Екі облыста көлік қозғалысы шектелді
Өзгелердің жаңалығы