Астанада жастарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді

Астанада 14 шілде күні жұмыс іздеп жүрген қала тұрғындары, ЖОО түлектері мен жергілікті жастар үшін Арбатта Мәмбетов көшесі бойында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі сағат 16.00-ден 20.00-ге дейін болады. Іс-шараны Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы AMANAT партиясымен бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Оның негізгі мақсаты – жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасындағы тікелей байланыс арқылы жұмыссыз азаматтарды, білім беру ұйымдарының түлектері мен жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.

Оған қатысуға 40-тан астам жетекші компания мен ұйым өтініш білдірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы