18 Шілде 2025 2025, 14:44 Фото: Елтай Елнұр

Астанада жастарға арналған әлеуметтік бағыттағы оқыту шарасы өтті

Астанада волонтерлерге арналған оқыту курсы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астанада волонтерлерге арналған оқыту курсы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласында "Байқымыз" гастрофестивалі аясында волонтерлерге арналған арнайы оқыту курсы ұйымдастырылды. 

Бұл курс – аталмыш фестивальде "Ауыл" партиясы атынан волонтер ретінде қатысатын жастарға арналды.

Курстың негізгі мақсаты – жастардың қоғамдық белсенділігін арттырып, оларды әлеуметтік бастамаларға белсене араласуға ынталандыру.

Оқыту барысында волонтерлік салада мол тәжірибесі бар әлеуметтік жобалар маманы Бекназар Қазиев қатысушыларға бағыт-бағдар беріп, волонтерліктің маңызы мен негізгі міндеттері туралы жан-жақты ақпарат ұсынды. Сонымен қатар, ол өзі жетекшілік еткен бірқатар әлеуметтік жобалардан нақты мысалдар келтіріп, жастардың сұрақтарына жауап берді.

Бұл бастама – жастарды азаматтық белсенділікке тартуға және қоғамдық өмірге араласуына ықпал ететін маңызды қадам ретінде бағаланды.