18 Наурыз 2024 2024, 15:13
Фото: Астана қаласы әкімдігінен
Астанада жастар Ұлттық киім күніне орай арнайы челлендж бастады
Видео-челленджге бірқатар жастар ұйымы атсалысты
Астанада наурызнаманың онкүндігі аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай Жастар саясаты мәселелері басқармасы елордамыздағы жастар ұйымдарымен бірге Қазақстан халқының Ұлттық киімдерін кеңінен дәріптеу мақсатында челлендж бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақтың ұлттық киімі – бұл халықтың мәдениеті мен тарихы, оның дәстүрі мен өмір салты. Ол ұлттың жарқын «индикаторы» ретінде өткеннің мәдени-рухани мұрасын сақтауға көмектеседі.
Видео-челленджге бірқатар жастар ұйымы атсалысты.