Астанада жастар тәрбиесі талқыға салынды

Елордада жастарға рухани тәрбие беру мәселесі талқыға салынды, деп хабарлады BAQ.KZ. 

Іс-шарада «Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі шараларды институционализациялау» әлеуметтік жобасының қорытындысы шығарылды. Оны «Замандас» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Жобаның мақсаты – жастар арасында отбасы және отбасылық құндылықтар институтын нығайту болып саналады. Оның аясында білікті психологтар Қазақстан бойынша жастар мен отбасыларға онлайн және офлайн режимде ақыл-кеңес берді.

Консультацияға 13 жастан 40 жасқа дейінгі қазақстандықтар қатысты. Оларды тұлғааралық қақтығыс, тәуелділік, балаларды тәрбиелеу, отбасынан тыс қақтығыстар, шаршау, ерлі-зайыптының біреуіне опасыздық жасалуы, айықпас дертке шалдығу, ажырасқаннан кейінгі балалармен қарым-қатынас, жалғыздық, артық салмақтан арылу, достармен қарым-қатынас сынды мәселелер толғандырған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы