Кеше 2026, 22:37 Фото: әлеуметтік желіден

Астанада жас жігіт тіс емханасында көз жұмды

Стоматолог препаратты аллергиялық сынамасыз енгізген. Инъекциядан кейін денесі құрысып, жағдайы нашарлаған. Осыған қарамастан оған екінші инъекция жасалған.

Астанада 20 жастағы жігіт стоматологияда уколдан кейін қайты болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полиция департаменті ақпаратты растаған.

Әлеуметтік желіде елордадағы стоматологиялардың бірінде жас жігіттің көз жұмғаны туралы ақпарат тарады.

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, стоматолог препаратты аллергиялық сынамасыз енгізген. Инъекциядан кейін М. денесі құрысып, жағдайы нашарлаған. Осыған қарамастан оған екінші инъекция жасалған. Осыдан кейін ол қайтыс болды. Сондай-ақ инъекцияны практикант аллергиялық сынамасыз енгізгені, ал стоматолог жағдайды тиісті деңгейде бақыламағаны хабарланды, – деп жазылған жазбада.

Астана қаласының полиция департаменті бұл ақпаратты растап, тергеудің басталғанын хабарлады.

Полиция 20 жастағы елорда тұрғынының өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта бірқатар тергеу амалдары басталды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады, – дейді полицейлер.