Астанада жарық неге қымбаттады? Вице-министр себебін түсіндірді
Қолда бар дерек бойынша халық жарыққа шамамен 22 теңге төлейді, ал Астанадағы орташа тариф деңгейі 31 теңгеге жуық.
Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Үкіметтегі брифингте Астанада электр энергиясы тарифінің ықтимал өсуіне қатысты пікір білдіріп, оның себептерін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Вице-министрдің сөзінше, қолда бар мәліметтерге қарағанда, қазір Астана-РЭК АҚ-ның электр энергиясын тасымалдау тарифін көтеру мәселесі талқыланып жатыр. Бұл тарифтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті бекітеді.
Комитет тиісті қоғамдық тыңдаулар өткізіп, онда тарифтің өсу себептері жария етіледі. Негізгі себептердің қатарында қаланың қарқынды өсуі, жаңа электр желілері мен қосалқы станцияларды салу және қолданыстағыларын жаңғырту қажеттілігі аталады. Сонымен қатар сала қызметкерлерінің жалақысы басқа елдердегі орташа деңгейден төмен екені де көрсетілген, – дейді Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов.
Есімханов атап өткендей, бұл ретте тариф сараланған күйде сақталады: қолда бар дерек бойынша халық шамамен 22 теңге төлейді, ал Астанадағы орташа тариф деңгейі 31 теңгеге жуық.
- Әлемде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі өсті: ХЕҰ негізгі себептерді атады 07:50
- Қазақстан мұнайына қауіп сейіле ме? Сарапшылар АҚШ пен Украина келісімін бағалады 07:30
- Солтүстік Корея ұшырған баллистикалық зымыран Жапон теңізіне құлады 07:17
- Қызылорда облысында қызанақты қайта өңдейтін зауыт салынады 06:40
- Колумбиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 250-ден асты 05:25
- Мектеп рюкзагын таңдағанда ата-аналар неге мән беруі керек? ДСМ жауап берді 04:19
- Иран Ормуз бұғазын ашудың шарттарын атады 03:43