Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы турнир өтеді

Елорда әкімдігінің қолдауымен 11-13 наурыз күндері Астана төрінде Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі балуандар арасында халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байрақты бәсекеде әлемнің ең үздік бозкілем шеберлері 10 салмақ дәрежесінде сынға түспек.

Айтулы дода Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының және елордалық әкімдіктің ұйымдастыруымен Астана қаласында төртінші рет өткелі жатыр. Дәстүрлі халықаралық турнирде 20 жасқа дейінгі балуандар мына салмақ дәрежесінде: 55 кг, 60 кг, 63 кг, 67 кг, 72 кг, 77 кг, 82 кг, 87 кг, 97 кг және 30 келі салмақта бақ сынайды.

Турнирге Қазақстан, Бельгия, Әзербайжан, Хорватия, Қырғызстан, Өзбекстан, Сауд Арабиясы, Ресей, Украина және Тәжікстан спортшылары қатысады деп күтіліп отыр.

Айта кетейік, турнир Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында 11-14 наурыз аралығында өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов -архив
Өзгелердің жаңалығы