Астанада жанжал кезінде адамның басына оқ атқан
Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамалды, қылмыс құралы алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап.
Алдын ала берілген мәлімет бойынша, қылмыс бұрыннан таныс адамдар арасында жанжал туындауы барысында жасалған. Ұрыс салдарынан күдікті қайтыс болған адамның басына оқ атқан.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеп-тексеру жүргізілуде.
Елордалық полиция көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауаптылық көзделетіні ескертеді.
Сонымен қатар, азаматтарды ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған көрме ашылды
Өзгелердің жаңалығы