Бүгiн 2026, 19:19 Фото: ҚР ТЖМ

Астанада жанып жатқан үйде жарылыс бола жаздады

Сарыарқа ауданындағы өрт кезінде ТЖМ қызметкерлері жанып жатқан үйден газ баллонын алып шыққан.

Астанада Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жекеменшік тұрғын үйде болған өрт кезінде жарылыс қаупінің алдын алды.

Ведомствоның мәліметінше, өрт Сарыарқа ауданындағы Жаяу Мұса көшесінде орналасқан бір қабатты тұрғын үйде шыққан. Өрт туралы хабарлама 112 қызметінің пультіне түскен.

Өртті сөндіру барысында құтқарушылар газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып үлгерді. Соның арқасында ықтимал жарылыстың және одан да ауыр салдардың алдын алу мүмкін болды, – делінген ведомство хабарламасында.

Өрт толықтай сөндірілді. ТЖМ мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.