Астанада жануарлардан алынатын өнімдерді импорттау бойынша семинар өтті
Семинар Еуропалық комиссияның денсаулық және азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Дирекциясымен бірлесіп ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ АШМ-ға сілтеме жасап.
Іс-шараға ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің өкілдері, сондай-ақ Түркия, Әзірбайжан, Грузия, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан және Армения мамандары қатысты.
Семинардың ашылуында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин қазақстандық өнімнің ЕО-ға экспортын ұлғайту үшін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігінің жоғары стандарттарын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Еуропалық серіктестерге қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірген вице-министр семинарда алған білімі өнімнің сапасын жақсартуға және оның халықаралық аренада қатысуын кеңейтуге көмектесетінін атап өтті. Іс-шараға қатысушылар ЕО-ның жануарлардан алынатын өнімдерге қойылатын талаптарына, соның ішінде санитарлық және фитосанитарлық шараларға, микробиологиялық қауіпсіздікке, сондай-ақ пестицидтер мен дәрілік заттардың рұқсат етілген деңгейіне қатысты маңызды мәселелерді талқылады.
Сондай-ақ шекаралық пункттерде бақылауды күшейту жөніндегі шаралар келісілді, бұл өзара сенім деңгейін арттыруға және екіжақты сауда қатынастарын дамыту үшін жағдайлар жасауға ықпал етуге тиіс. Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының (WOAH) және Алиментариус Кодексінің нормалары сияқты халықаралық стандарттарды енгізуге ерекше назар аударылды.