Астанада және 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды

"Қазгидромет" 23 қарашада Астанада және Қазақстанның 14 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астанада желдің екпіні 15–20 м/с күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады.

Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман, күндіз солтүстік пен шығыста желдің екпіні 15–20 м/с.

Жетісу облысының орталығы мен таулы аудандарында түнде және таңертең тұман. Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні 15–20 м/с. Талдықорғанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында түнде және таңертең тұман.

Абай облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман мен көктайғақ. Түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз солтүстігі мен орталығында желдің екпіні 15–20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігі мен шығысында түнде тұман мен көктайғақ. Түнде шығыс және оңтүстік бөліктерде, күндіз солтүстікте желдің екпіні 15–20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ. Облыстың шығысында тұман. Жел 15–20 м/с, түнде батыс және солтүстікте екпіні 23–28 м/с. Петропавлда түнде қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ. Жел 15–20 м/с, түнде екпіні 23 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында және Қызылорда қаласында тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігі, шығысы және орталығында түнде және таңертең тұман. Ақтөбеде түнде және таңертең тұман.

Маңғыстау облысының батысында түнде және таңертең тұман. Ақтауда да түнде және таңертең тұман.

Қостанай облысының батысында, солтүстігі мен шығысында көктайғақ пен тұман. Солтүстік, батыс және шығыс бөліктерде желдің екпіні 15–20 м/с. Қостанайда таңертең және күндіз көктайғақ, желдің екпіні 15–20 м/с.

Түркістан облысының солтүстігінде түнде тұман.

Ақмола облысының батысы, солтүстігі мен шығысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын. Батыс, солтүстік, оңтүстігінде тұман. Облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында жел 15–20 м/с, шығысында екпіні 23 м/с. Көкшетауда түнде көктайғақ, желдің екпіні 15–20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында тұман. Оралда да тұман күтіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы