Астанада жаңбыр аралас жауған бұршақтан екі адам зардап шекті
Астанада жаңбыр аралас жауған бұршақтан кейін егде жастағы әйел мен бала медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Сағат 19:42-де ауа райының қолайсыздығынан (ірі бұршақ) жедел жәрдем қызметіне екі адам: 52 жастағы әйел мен алты жасар бала хабарласты, - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.
Қазір жедел жәрдем бригадасы зардап шеккендерді тексеріп жатыр. Департаменттің мәліметінше, қалалық ауруханалардың реанимация бөліміне түскендер жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы