Астанада жаңбыр аралас бұршақ жауып жатыр

Бүгін Астанада кезекті рет жаңбыр аралас бұршақ жауды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астананың аспаны бірнеше күннен бері түнеріп тұрған еді. Бүгін толассыз жаңбыр жауып жатыр. Жаңбыр мен қоса жаз кезінде бұршақ та жауды.

Елордалықтар табиғаттың тосын сыйын фотоға және видеоға түсіріп жаппай таратып жатыр.

Бұған дейін 24 сәуірде дәл осылай жауын құйып, арты бұршаққа ұласқан еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы