Астанада жанармай құю станцияларының біріне айыппұл салынды

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті «Petro Retail» автожанармай құю станциясына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Автожанармай құю станциясы өз қызметін жүзеге асыру кезінде уақтылы салыстырып тексеруден өтпеген өлшеу құралдарын пайдаланғаны анықталды.

Автожанармай құю станциясы Қазақстан Республикасы «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңының 19-бабының талаптарын бұзған. Мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері болып табылатын өлшем құралдары айналымға шығарылу алдында олардың типі бекітілгеннен кейін немесе метрологиялық аттестаттаудан және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелгеннен кейін, жөндеуден кейін пайдаланылу кезеңінде салыстырылып тексеріледі. «Petro Retail» ЖҚС «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 419-бабы 1-бөлігінің 2-тармағына сейкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әкімшілік айыппұл салынды, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив
Өзгелердің жаңалығы