Астанада жаңадан салынған тұрғын үй өртенді

Астанада Төле би көшесіндегі 16-шы үйден өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді. Ведомство атап өткендей, тұрғын үйдің шатыры өртенген.

Сағат 14:05-те Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері Төле би көшесі 16 мекенжайындағы жаңа ғимараттан түтін көрінгені туралы ақпарат түсті. Келген кезде жаңадан салынған 17 қабатты тұрғын үй кешенінің шатырында 10 шаршы метр аумақта шатыр материалы мен оқшаулағыш материал (минералды мақта) жанып жатқаны анықталды. Сағат 14.24-те өрт оқшауланып, сағат 14:29-да өрт толық сөндірілді. Өрттің алдын ала себебі - отпен жұмыс жасау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы