Астанада Жанабыловтарға қатысты алдын ала сот тыңдалымы басталды
Танымал блогерлер Жанабыловтарға қатысты іс бойынша алдын ала сот тыңдалымы басталды.
Астанада танымал блогерлер Жанабыловтарға қатысты іс бойынша алдын ала сот тыңдалымы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Еске салайық, бұған дейін ҚР Туризм және спорт министрлігі әлеуметтік желілерде заңсыз ұтыс ойындарын өткізгендерді тексеретінін мәлімдеген.
Сондай-ақ министр Ербол Мырзабосынов блогер Жанабыловтардың конкурсына байланысты туындаған дау жөнінде пікір білдірген.
Айта кетейік, жыл басынан бері құзырлы орган 34 блогердің заңсыз онлайн-ойындарды жарнамалауға қатысы барын анықтады.
Астанада блогер Ерболат Жанабылов пен оның жұбайының ісі бойынша адвокат сот шешімін заңсыз деп атап, шешімге апелляция берілген болатын.
Әкімшілік істен қылмысқа дейін ұласқан "Жанабыловтар ісі" қоғамға қалай әсер еткені жайлы арнайы шолуымызды мына жерден оқи аласыздар.
ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу және қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын заңдастыру фактілері бойынша блогерлер Ерболат Жанабылов пен оның жұбайы Эльмира Төлегеноваға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтап, олардың үйқамаққа алынғанын хабарлаған болатын.