Астанада жаңа жылдық отшашу екі жерде ұйымдастырылды

Астанада Жаңа жыл мерекесіне орай қауіпсіздік талаптары толықтай сақталына отырып, демеушілердің қаражаты есебінен мерекелік отшашу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Отшашу 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні сағат 00:00-де екі орыннан – Атырау көпірі маңындағы жағалаудан және Ботаникалық бақ аумағынан атылды.

Фейерверктің ұзақтығы шамамен бес минутты құрады. Оның биіктігі 200 метрге дейін жетіп, әр алаңда 1500-2000 оқ атылды.

Сонымен қатар қаладағы үш алаңда қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерттер ұйымдастырылды.

Іс-шараларға Зарина Омарова, Еркеш Хасен, Маржан Арапбаева, Сәкен Майғазиев, Қазыбек Құрайыш, Серік Ибрагимов, Жұбаныш Жексенұлы, Ақбота Керімбекова, сондай-ақ "Melomen", "Бәйтерек" топтары және өзге де өнер жұлдыздары қатысты.

Мерекелік іс-шаралардың бәрі қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтай отырып өткізілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана қаласының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы