1 Қаңтар 2026, 13:51 Фото: BAQ.KZ

Астанада Жаңа жыл түні қанша бала дүниеге келді

Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Жаңа жыл түні елордада қанша сәби өмірге келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Жаңа жыл түні елордада қанша сәби өмірге келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомствоның дерегінше, 2026 жылғы 1 қаңтар күні сағат 00:00-ден 07:00-ге дейін Астанада 22 босану қабылданған. Нәтижесінде 11 қыз бала мен 11 ұл бала дүниеге келген.

Егіз немесе үшем босану деректері тіркелмеген.

Босанулар қаланың: Қалалық перинаталдық орталықтағы, №2 көпбейінді қалалық ауруханадағы және №3 көпбейінді қалалық ауруханадағы үш акушерлік бөлімшесінде қабылданды.