Астанада жаңа Салық кодексін талқылаған көшпелі отырыс өтті
Кездесу қорытындысы бойынша кәсіпкерлердің ұсыныстары мемлекеттік органдар деңгейінде қаралатын болды.
Астанада «Ulttyq ónim – 2026» көрмесі аясында Салық кодексін енгізу бойынша Жобалық кеңсенің көшпелі отырысы өтті. Іс-шараға 100-ден астам кәсіпкер, мемлекеттік орган өкілдері мен сарапшылар қатысты. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.
Кездесуде жаңа Салық кодексін іске асыру, салықтық әкімшілендіруді жетілдіру және отандық өндірушілерді қолдау мәселелері талқыланды.
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин 200-нысанның қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етудегі маңызын атап өтті. Оның айтуынша, жалақыны төмен көрсетіп, «конвертпен» төлеу азаматтардың әлеуметтік төлемдеріне кері әсер етеді.
Жиында өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимін теріс пайдалану мәселесі де көтерілді. Мемлекеттік органдар мұндай заңбұзушылықтар көбейсе, арнайы режимге қатысты талаптар күшейтілуі мүмкін екенін ескертті.
Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов салықтық әкімшілендірудің жаңа ақпараттық жүйесі толық іске қосылғанын айтты. Сонымен қатар, «Таза парақ» бағдарламасы арқылы 19 мыңға жуық кәсіпкердің 9,3 млрд теңге айыппұл және өсімпұлы есептен шығарылғаны хабарланды.
«Атамекен» ҰКП өкілдері кәсіпкерлерді цифрлық құралдарды белсенді пайдаланып, бизнес-модельдерін жаңартуға шақырды.
Кездесу қорытындысы бойынша кәсіпкерлердің ұсыныстары мемлекеттік органдар деңгейінде қаралатын болды.
- ҚҚС түсетін түсім бір жарым есеге жуық өсті – вице-премьер 11:37
- Қазақстанда кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2,9 миллионға жетті 11:21
- Бозжырадағы түсірілім: Джеки Чан Маңғыстаудың табиғатына тәнті болды 11:10
- Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайтуды көздеп отыр 11:01
- Серік Жұманғарин: Қазақстан экономикасының өсімі 4,1%-ға жетті 10:43
- Қазақстанда вегетация кезеңінде 701 мың гектар егістік суарылды 10:21
- Зейнетақы жинағын жеке басқарушы компанияларға аударушылар саны 3 есе артты 10:03