Астанада жаңа қоғамдық көлік бағдары іске қосылады

Астанада №75 жаңа автобус бағыты іске қосылады. Ол 6 желқсаннан бастап қатынай бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

CTS мәліметінше, жаңа маршрут "Нұрлы жол" теміржол вокзалын Күйгенжар тұрғын алабымен байланыстырады және Мичурин аумағының тұрғындары үшін көлік қатынауын жақсартуға мүмкіндік береді.

Бағыттың ашылуы №112 мектепке және С. Шаймерденов көшесіндегі нысандарға қолжетімділікті жақсартуға ықпал етеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы