Астанада жаңа қоғамдық кеңістік ашылды

Байқоңыр ауданының Қоянды саяжай алабында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараға танымал спортшылар, елордалық эстрада әртістері, сондай-ақ 100-ден астам тұрғындар мен саяжай алабының балалары қатысты.

Жергілікті тұрғындар үшін эстрада әншілерінің қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылып, кәсіби спортшылар шеберлік сабақтарын өткізді. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар арасында футбол турнирі өткізілді. Сонымен қатар тұрғындар үшін мерекелік дастархан жайылды.

Бұл массивте 2,5 мыңнан астам адам тұрады. Бұрын бұл жерде қоғамдық кеңістік мүлдем болмаған. Биыл алаптың орталық алаңы кешенді түрде абаттандырылып, ауданы 2000 шаршы метр жаңа қоғамдық кеңістік құрылды, – деді Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманберді.

Мұнда үлкен футбол алаңы, балалар ойын алаңы, workout алаңы, балаларға арналған арнайы коньки алаңы және шағын баскетбол алаңы орнатылды.

Айта кету керек, 2023 жылы Қоянды саяжай алабында ауқымды жарықтандыру жүргізілді. Сонымен қатар биыл көшелерді қиыршық таспен толтыру бойынша кешенді жұмыс жүргізілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы