Кеше 2026, 21:55 Фото: Ақорда

Астанада жаңа көше құрылысына байланысты 1 қыркүйекке дейін қозғалыс шектеледі

Бұл көшелерде инженерлік желілерді жүргізе отырып, көше құрылысы жұмыстары орындалады.

Астанада жаңа көшенің құрылысына байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, "Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында көшелерді салу" жобасын іске асыру аясында ағымдағы жылдың 26 сәуірі мен 1 қыркүйегі аралығында "Syganaq" БО мен "Ишим" ТК арасындағы қозғалыс толықтай жабылатын болады.

Аталған кезеңде инженерлік желілерді жүргізе отырып, көше құрылысы жұмыстары орындалады, – деп жазылған ақпаратта.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттағыштар орнатылады.